АЛТЫНОРДА
Новости

Франция мен Германия Астана кездесуіне күмәнді

Франция мен Германия 15 қаңтарда Астанада өтетін Украинаға қатысты төртжақты саммиттің өтуіне күдікпен қарайды.

Германия канцлерінің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберт «Украинаға қатысты кездесулерді Минскіде жасалған бейбітшілік келісімінде айтылған шарттар орындалса ғана өткізуге болатынын» мәлімдеді.

Франция президенті Франсуа Олланд жергілікті радиолардың бірінде кездесуден нәтиже шығатын болса ғана баратынын айтқан.

Астанада өтуі ықтимал кездесу жайын Берлиндегі Украина, Ресей, Франция мен Германия сыртқы істер министрлері талқылап, олар да нақты нәтиже шығатын болса ғана жүздесуді ұсынды.

15 қаңтарда Астанада Украина, Ресей, Франция және Германия президенттерінің кездесуі өтеді деп жоспарланған. Кездесу барысында Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен арадағы қақтығысты реттеу жолдары талқылануы тиіс.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150105/330/330.html