АЛТЫНОРДА
Новости

Франция еврей мектептерін қорғауды күшейтпек

Франция Париждегі еврей тағамдары дүкеніне жасалған шабуылдан соң еврей оқу орындарын қорғауға қосымша 5 мыңға тарта полиция мен қауіпсіздік қызметі сарбаздарын жұмылдырмақ. Бұл жайында бүгін Париждегі еврей мектебінде ата-аналар алдында сөйлеген ішкі істер министрі Бернард Газнев мәлімдеді. Оның сөзінше, сарбаздар мектептерді қорғаудан бөлек қосымша күш ретінде де тартылмақ.

Парижде қаңтардың 7-сінде қарулы үш адам сатиралық Charlie Hebdo журналы редакциясына шабуыл жасап, 12 адамды (оның сегізі — журналист) мерт еткен. Қаңтардың 9-ында Парижде Амеди Кулибали есімді қарулы адам еврей тағамдары дүкенінде сегіз адамды кепілге алған. Арнайы операция кезінде кепілдегі төрт адам қаза тауып, Кулибалидің көзі жойылған.

Франция президенті Франсуа Олланд дүкенге шабуылды айыптап, «жан түршіктірерлік антисемиттік акт» деп атады.

Францияда 700-ге тарта еврей оқу орыны бар.

Израиль билігі шабуылдан соң биыл Франциядан елге оралатын еврейлер саны артады деп болжап отыр. Еврейлердің Израильге эмиграциясына көмектесетін Еврей агенттігі басшысы Натан Шаранский биыл Франциядан Израильге 10 мыңға тарта еврей қайтып кетеді деп болжайды. Өткен жылы Франциядан Израильге 7 мың, 2013 жылы 3 мың еврей қайтып кеткен.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26788660