АЛТЫНОРДА
Новости

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ЖӨНІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне ешқандай реефрендум өткізудің қажеті жоқ деп есептейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева. 

«Егер саяси одақ болса бәлкім референдум өткізу қажеттілігі туар еді. Бірақ бұл форматы, деңгейі өзгеше интеграция. Менің ойымша, экономикалық одақта тек бұрын болған сандар мен көрсеткіштер жұмыс істейтін болады», — деді депутат Астана-Мәскеу, Минск-Ереван бейнекөпірі барысында. Оның айтуынша, ЕЭО тек экономикалық бағытта ғана жұмыс істейді.

«Мұнда негізінен тек бәсекеге қабілеттілікті шыңдауға жақсы мүмкіндік бар. Қоғамдық пікір әрине, екіге жарылады. Бірақ, жүргізілген сауалнамалар көрсеткендей, елдің бизнес қоғамдастығы Одаққа енудің керек екенін айтып отыр», — деді Соловьева.

Стратегиялық және сыртқы саяси зерттеулер орталығы бақылау кеңесінің төрағасы Юрий Царик те депутаттың осы пікірімен келісіп отыр. «Қазір әңгіме Еуразиялық экономикалық одақ туралы болып жатыр. Келісімшарттың мәтінімен танысқан жірналистер оның қандай бағытта екенін жақсы біледі. Ол өте күрделі құжат, ішінде не айтылғанын толқы түсіну үшін сарапшылық білім керек. Құжатты қолдамауға еш негіз жоқ», — деді ол.

Айқын-АҚПАРАТ