Алматыдағы 28 панфиловшы-батырлар атындағы саябақтағы атақты ескерткіштің қабырғасына жазылған естелікке өзгеріс енгізілуі мүмкін. Қалалық ардагерлер кеңесі осындай ұсыныс жасады. 

 

Кеңестің төрағасы Ерен­ғайып Шайхутдинов:

«Ресей – кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – ар­тымызда Москва» деген саяси жетекші Василий Клочковтың атақты сө­зіне жалғау ретінде «Отан үшін шайқасқан қазақ­стандықтардың ерлігін мәңгілік есте сақтаймыз» деген сөйлемді қосу керек. Осы арқылы біз Ұлы Отан соғысына қатысқан жер­лестеріміздің жанқияр­лық ерлігін мәңгілік есте ұстайтын боламыз» дейді.

Әрине, көтеріліп отыр­ған мәселе өте орынды.

Өйткені жау Ресейге ғана қауіп төндірмегені белгілі. Ол кезде Отан ортақ еді. Қылышын сүйретіп шека­радан енген жауға қарсы тұру, сол ортақ Отанның барлық азаматтарының парызы болды. Қазақстан­нан 1 жарым миллионға жуық адам соғысқа аттан­ды. Бірақ олардың ерлігі дәріптеліп жатыр ма? Тіпті кеңес заманында орта­лық саябаққа қойылған атақты ескерткіште де «Ресей – кең-байтақ, бірақ шегінер­ге жер жоқ – артымызда Москва» деп жазылып, со­ғыс тек Ресейге ғана бағытталғандай етіп көр­сетілген. Ал қанды ­қа­сап­қа қатысқан қазақстан­дық­тар жайлы бір ауыз сөз жоқ. Осы әділетсіздікті жоятын кез келді.

 

Темірлан Баязит

http://www.aikyn.kz

Рубрика: