03 марта, 2015 Comments Off on Есімовтың ескертуі

Есімовтың ескертуі

скачанные файлы (1)Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бастаған көп­теген емдеу мекеме­ле­рінің бас дәрігерлері Алматы шаһарының әкімі Есімовтің алдында есеп береміз деп ескерту естіп қайтты. Әкімнің ауруханалардағы қызмет сапасына көңілі толған жоқ. Өйткені, дәрігерлерге шағым айтушылар саны соңғы уақытта еселеп артыпты.Алғашқыда оптимизмге толы Алматы қала­лық Денсаулық сақтау бас­қар­масының басшысы Жанат Қасымжанова­ның баяндамасы әкімнің көңілінен шыққандай еді. Алайда, әңгімесін алғыспен бастаған Ахметжан Есімовтің сөзін қарсы алдында сағыз шайнап отырған дәрігер бөліп жіберді. «Сіз сөйлеп тұрғанда, мен сағыз шайнап қарап отырсам сізге ұнай ма? Қалай қабылдайтын едіңіз?» – деген Есімов бұдан кейін ешкімді аяған жоқ. Дұрыс диагноз қоймау, науқасқа жүрдім бардым қарап, қажетті ем жасамау, қалталыға ғана қызмет көрсету Алматы ауруханаларында көбейіп барады деді әкім. Тіпті өзінің жеке блогына арыз айтушылар соңғы уақытта еселеп артқанын алға тартты. – Науқасты қабылдаған кезде де, оны бай-кедей деп бөлетіндер бар. Олар ақшасы бар адам ғана өмір сүруге құқылы деп ойлай ма сонда? Адамның бәрі бірдей. Егер бас дәрігер өз жұмысымен айналыса алмаса, оны ауыстыру керек. Білікті дәрігерлер жеткілікті – деді Есімов. Екі сағат бойы Есімовтен осындай қатаң ескерту алып тынған бас дәрігерлер олқылықты дереу жоямыз деп уәде беріп тарқасты.Зейнолла АБАЖАНhttp://www.qazaquni.kz/
Загрузка...

Комментирование закрыто.