Есеп комитеті 2014 жылы 298 нысанға тексеру жүргізіп, 716 миллиард теңгеге қатысты заң бұзушылықты анықтаған. 75 миллиард теңге бюджетке қайтарылған.

Бұл туралы 28 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлімдеді.

Есеп комитетінің дерегі бойынша Қазақстанда 2,2 млрд. теңгеге салынған тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықтың үш объектісі пайдаланылмай тұр. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жекелеген объектілерінің, автомобиль жолдарының жалпы сомасы 257,3 млн.теңгеге құрылыс жұмыстары техникалық және авторлық қадағалаусыз жүргізілген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26817530

Рубрика: