14 августа, 2015 Comments Off on Ержүрек Мәуленге мың алғыс!

Ержүрек Мәуленге мың алғыс!

6f1c3e3a42089d38da2ce1be4b13b91dАлматы қаласындағы Наурызбай ауданының Қарағайлы ықшам ауданында осы шілдеде су тасқыны болды. Сонда Алмалы көшесінде зейнеткер және 1-ші топтағы мүгедек 4 адам қалып қойдық. Екі жақтан су құйылғанда қалай қашатынымызды білмедік. Көліктермен кетіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы көмек көрсете алмады. Содан есіміз шығып не әрі, не бері жүрерімізді білмедік. Ол кезде құтқарушылар әлі жұмысқа кіріспеген еді. Сонда алдымыздан бір әскери жігіт кездесіп қалып, бізді бір-бірлеп көтеріп қауіпсіз аймаққа жеткізді. Өз басын қатерге тіксе де, қамқор болып, сағат түнгі 3-тен 6-ға дейін жанымызда жүрді. Басқа адамдар сияқты қашып кетпеді. Шарасыз болған кәрі адамдарды жұбатып, демеу сөздер айтты. Есімізді жиып, су тасқыны қатері басылғанда, үйімізге оралдық. Содан, сол жігіттің кім екенін сұрастырдық. Ол Алматы қаласындағы 2027-әскери бөлімнің майоры Мәулен Мұхтарұлы Жақыпов екен. Біріншіден, сол жігітті тәрбиелеген ата-анасына алғысымыз шексіз. Екіншіден, шекара қызметкерлерін қырағылыққа, бауырмалдыққа, қам­қорлыққа баулыған шекара қыз­метінің басшыларына алғыс айтамыз. Қазағымыздың ержүрек ұлдарына мың алғыс. Жоғарыдағыдай қатерлі сәттерде өзін ойламай, үлкендерге көмек көрсете білген Мәулен ұлы­мыз­дың жасы ұзақ болсын.

Тәуен ӘКІМЖАНОВ,

Қарағайлы шағын ауданының

Наурызбай батыр көшесіндегі 14-үйдің тұрғыны.

АЛМАТЫ

http://egemen.kz/

Загрузка...

Комментирование закрыто.