АЛТЫНОРДА
Новости

Ертең Қазақстанда жаңбыр жауып, күшті жел соғады

Астана. 16 сәуір. Baq.kz — Синоптиктердің мәлімдеуінше 17 сәуір күні Қазақстанда жаңбыр жауып, күшті жел соғатын көрінеді. Бұл жөнінде «Қазгидромет» МКК хабар таратады.

 

Сонымен қатар, республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Ал еліміздің оңтүстік-батысында ауа-райы жауын-шашынсыз. Тек, Ақмола, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында 15-20 секундтық жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.
Сондай-ақ, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында көктайғақ болуы мүмкін деп хабарлайды синоптиктер.
http://www.baq.kz/kk/news/26481