Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) бүгін Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыс беру бюллетені мәтінін бекітті.

«Сайлау бюллетендерінің саны, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір пайызын қоса 9 451 057 дананы құрайды» делінген ресми ақпаратта.

ОСК-ның хабарлауынша, сайлау бюллетендері облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына 2015 жылғы сәуірдің 20-сына дейін жеткізіледі.

ОСК президент сайлауына кандидат ретінде үш үміткерді – биліктегі «Нұр Отан» партиясы ұсынған президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновты тіркеген.

Кандидаттардың бүгін басталған сайлауалды үгіт-насихат науқаны сайлауға тура бір күн қалғанда тоқтатылады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 26-сына белгіленген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26921746

Рубрика: