Нәзік жандардың 80%-ы жаңадан танысқан ер-азаматтың көзіне макияжсыз көрініп қалмауға бір ай бойы бас қатырады. Ағылшын психологтері боянып-сыланудың қыз-келіншектердің ерлермен қарым-қатынасына қалай әсер ететінін зерттеп шықты. 

Зерттеудің қорытындысы бойын­ша, қыздардың 17%-ына сүйген адамына боянбаған күйде көріну үшін таныстықтан соң кемінде екі ай уақыт керек екені анықталды. Ал зерт­теуге қатысқан қыз-келіншектердің 16%-ы еркекке шынайы түрін жарты жылдан соң ғана көрсете алатынын айтты. 8%-ы бір жыл бойы ойланып жүріп алатын болып шықты, қыздар­дың енді 3%-ы ешқашан ер-аза­матына боянбаған күйде көрінбеуге бекініп отыр. Респондент-келіншек­тердің үштен бірі түрін ретке келтіру үшін таңертең күйеуінен бұрын тұруға мәжбүр. Сауалнамаға қатысқандар­дың 58%-ы макияждың арқасында ғана әдемі болатынын мойындаған, ал 28%-ы өздерін әдемі санамайты­нын айтқан.

http://alashainasy.kz/world/41163/

Рубрика: