АЛТЫНОРДА
Новости

ЕНДІ МЕЙРАМХАНА АШПАҚШЫ

Танымал британдық футболшы Дэвид Бекхэм мейрамханалар желісін ашуды жоспарлауда. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Дэвид жаңа жобасына ат та тауып қойыпты: Beckham’s Bistro.
«Қазір жаңа бизнес ашуға ең қолайлы шақ болып тұр. Сірә, бұл бұл жеңіл тамақтанатын дәмханалар желісі болатын шығар», — дейді бұрынғы кәсіпқой спортшы.

Басылымының хабарлауынша, Дэвид бұған дейін де досымен бірігіп мейрамхана ашпақшы болған екен, алайда ас мәзірі мен бизнесті жүргізуге келгенде екеуінің талғамы бір жерден шықпай қалған көрінеді — ҚазАқпарат.

http://www.aikyn.kz/articles/view/51123