АСТАНА. 3 маусым. BAQ.KZ – 50-ден асқан азаматтар жұмыссыз қалмайтын болды. Дәл осындай қатал талапты Үкімет енгізіп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Енді жасы елуден асқандарды жұмыстан шығаруға заңмен тыйым салынбақ. Тиісті талапты Үкімет «Жол картасы» бағдарламасына енгізіп қойған. Бұдан-былай адамдарды алалап, заңсыз жұмыстан шығарып жіберген компаниялар жазасыз қалмайды. Еңбек министрлігі қазірден бастап жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, заңды белшеден басқан мекемелердің қара тізімін жасап та қойыпты. Тіпті, апта сайын оларды тексеріп отырмақ. Бірақ, жаңашылдыққа көпшілік күдікпен қарап отыр. Өйткені, жасы келгендерді әртүрлі сылтау айтып босағасынан ары аттатпайтын компаниялар әлі жетіп артылады.

http://baq.kz/kk/news/48120

Рубрика: