АЛТЫНОРДА
Новости

Еліміздегі су тасқынының алдын алу үшін ірі көлемде қаражат бөлінді

Биыл мемлекетіміз су тасқынының алдын алуға 14,5 млрд. теңге қаражат бөлді, деп жазады Tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың мәлімдеуінше, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары су тасқынының алдын алуға қосымша қаражат бөлмеген. Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде ақпан, наурыз айларының ішінде қар қалың жаууы мүмкін. Ендеше, аталмыш ведомство басшысының алаңдауы орынды.

Су тасқыны дайындығына қазір 440 техника әзір. Арнайы кесте әзірленіп, қауіпті аймақтар бақылауға алынған.

Біздің қолымызға түскен соңғы мәліметте Сырдария өзеніндегі мұз көшкіні Қызылорда қаласы төңірегінен қалыпты деңгейде өтіп бара жатқаны жазылған. Нақты айтқанда, бұл өңірде қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда тұр.

Әмірхан Алмағанбетов.

 

http://www.egemen.kz