АСТАНА. 3 маусым. BAQ.KZ – Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда биыл соңғы төрт айда 2,5 есеге көбейген. ҚР тұтынушылар құқын қорғау агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытқа дейін 140 адам қызылшамен ауырған.

– 2013 жылы Қазақстанда қызылша ауруының 55 дерегі зертханалық тексерулер нәтижесінде нақтыланған болса, биыл соңғы төрт айдың ішінде бұл көрсеткіш 140 жағдайға көбейіп тұр, – деді ведомствадағылар.

 

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт ай ішінде қызылша жұқтырғандардың орташа жасы 15-29 жас аралығын құрапты. Олар барлық ауырған науқастардың 60 пайызын қамтиды. Ал 12-сі әлі екпе салынбаған, бір жасқа дейінгі нәрестелер көрінеді. Жүргізген есеп бойынша сырқаттанғандардың 66 пайызы мүлдем екпе егілмегендер мен қызылшаға қарсы вакцинацияланғанын растайтын құжаты жоқтары болып отыр.

 

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңес беруімен қалыптасқан жағдайға байланысты алғашқы екпені адам өмірінің 12-15 айлығында емес, одан ертерек сәбидің 9 айлығында жасауды ұйғардық. Бұйрық әзірге республиканың 8 аймағына – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астанаға қатысты, – деп толықтырды агенттік қызметкерлері.

 

http://baq.kz/kk/news/48121

Рубрика: