Астана. 19 ақпан. Baq.kz – Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев еліміздегі автонесиелердің 6 пайызбен берілетіндігін мәлімдеді.

– Өткен жылдың соңғы 2 айында Ресей рублінің девальвациясынан кейін Қазақстанға Ресейден 50 мыңға жуық көлік алып келінді. Елбасы үкімет отырысында оның дұрыс екендігін айтты. Бірақ, ол көліктер еуро-2, еуро-5 стандарттарға сəйкестендіріліп, техникалық регламентпен өтуі керек. Елбасының тапсырмасымен Ұлттық қордан бөлініп жатқан 5 млрд теңге лабораториялық базаны өңдеуге бөлініп отыр. Сонымен қатар, алдында айтқанымдай, өзіміздің көлік шығаратын екі зауыдымызға 20 млрд теңге бөлініп жатыр. Бұл қаражат біріншіден екінші деңгейлі банктер арқылы 6 пайыздық теңгемен жаңа автонесиелерді береміз жəне лизингпен алатындарға несие 4 пайызбен берілетін болады. Бүгін “Бəйтерек” холдингі осы жұмыстарды өткізуде. Бір айдан кейін оны бітірсе, елімізге жаңа форматты енгізуге дайынбыз, – деді Е.Досаев.

http://baq.kz/kk/news/61071

Рубрика: