АЛТЫНОРДА
Новости

Елімізде әуе билеттерінің құны арзандайтын болды

Астана. 18 ақпан. Baq.kz – Қазақстанда әуе билеттірінің бағасы арзандайтын болады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасап.

«Өткен аптада біз негізгі тасымалдаушы операторлармен бірге жиын өткіздік. Министрлік тарапынан бір апта көлемінде бағаны төмендетуге байланысты ұсыныс беру талап етілді. «Эйр Астана» ішкі рейтерге бағаны төмендететін болды. SCAT компаниясының да осындай қадамға баратыны сөзсіз. Олар бізге жақын уақытта нақты есебін береді. Керосин бағасы қазір елімізде айтарлықтай төмендеді. Осыны ескере отырып, біз «Эйр Астана» билетті 30 пайызға, SCAT 38 пайызға арзандатуы керек деп талап етіп отырмыз» деді вице-министр.

Дегенмен, темір жол билеттерінің құны төмендемейді. Ал, қаладағы қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысын төмендету мәселесімен министрлік әкімдіктерге ұсыныс жіберіпті.

http://baq.kz/kk/news/61001