Елбасы Беларусь Президентімен телефон арқылы сөйлестіА.Лукашенко Ресей, Украина, Франция Президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтты. Қазақстан Президенті өзін хабардар еткені үшін алғыс білдірді және кездесудің жақсы ұйымдастырылуымен, сондай-ақ келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтады. Мемлекет басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін білдірді. Президенттер таяу арада біздің елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізу туралы уағдаласты. Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды.

24.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/elbasyi-belarus-prezidentmen-telefon-arkyilyi-soylest-63263/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: