АЛТЫНОРДА
Новости

Елбасы Барак Обамаға көңіл айту жеделхатын жолдады

Алматы. 16 сәуір. Baq.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға Бостон қаласында болған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл жайында Ақорданың ресми сайтында айтылған. 

 

Жеделхатта Мемлекет басшысының лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның зардап шеккені туралы жайсыз хабарды қатты күйзеліп қабылдағаны атап өтіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев терроризмнің етек алуы бүгінгі күні әлемнің барлық елі үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отырғанын атап өткен. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын және әлемге жайсыздық әкелетін экстремизм мен лаңкестіктің кез-келген түрін айыптайды.

«Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, бүкіл Америка халқына шын ниеттен көңіл айта отырып, зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектестігімді білдіремін» делінген жеделхатта.

http://www.baq.kz/kk/news/26468