АЛТЫНОРДА
Новости Атырау

Экстремизм — Қазақстандық театр сахнасында

джихадАтыраудағы драма театрда Қазақстанда тұңғыш рет экстремизмге қары спектакль қойылды деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Режиссер Асылбек Ықсанов қойған спектакль «Хақ жолы» деп аталады.Онда мұсылман елдерінің біріне оқу іздеп барып, радикалды ағынның қармауынан шыға алмай қалған жігіттің өмірі баяндалады. Теріс жолға түскен жігіттің өмірі күрт өзгереді. Отбасынан безіп, ақыры түрмеден бірақ шығады. Мәпелеп өсірген баласының мұндай тағдырына налыған анасы ақыры құсадан қайтыс болады. Ал ұлы болса, өмірде қандай қатеге ұрынғанын бірнеше жылдан кейін ғана түсінеді. Режиссердің сөзіне қарағанда, спектакльдің басты идеясы — жастарға ой салу. Артынан опық жемес үшін жастар әр басқан қадамын аңдап басса екен дейді ол. Спектакль облыстың барлық аудандарында көрсетіледі, артынан көрші облыстарда қойылады деп жоспарлануда.

Masa.kz