Дубай қаласындағы ұзындығы 355 метрді құрайтын әлемдегі ең биік JW Marriott Marquis мейманханасының ашылуы 2020 жылы өткізілетін ЭКСПО дүниежүзілік әмбебап көрмесін өткізуге тапсырыс берген елдерді аралап көріп жүрген халықаралық көрме бюросының делегациясының келуіне арнайы орайластырылып отыр.

 

Дубай қаласы ЭСКПО-2020 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуға дәмелі қалалардың бірі. 2020 жылғы көрмені кім өткізетіні туралы шешім үстіміздегі жылдың қараша айында қабылданады. Ол туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлайды.

Екі мұнарадан тұратын мейманхананың архитектурасы құрма ағашын елестетеді. Ол іскер адамдарға арналып салынған. Ішінде 1600 мейманға арналған демалыс бөлмесі бар, 14 ресторанда бір мезгілде үш мың адам тамақтана алады. JW Marriott Marquis мейманханасында 67 елден келген бір мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. СПА-салоны бар бассейнге Сахара шөліндегі өлі теңізінен емдік қасиеті бар үш тонна тұз әкелінген.

Рауан Есқали.

 

http://www.egemen.kz

Рубрика: