АЛТЫНОРДА
Новости

Донбасс жағдайын 4 ел басшысы телефонда талқылады

Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары 2 наурыз күні түнге қарай телефон арқылы Шығыс Украинадағы жағдайды талқылады.

Украина президенті Петр Порошенко, Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд талқылауда Шығыс Украинада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) рөлін арттыруға келіскен.

Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЕҚЫҰ миссиясынан Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтату келісімі орындалмай отырған аудандарға бақылаушылар жіберу сұралған.

Төрт ел басшыларының келіссөзіне қатысты бұдан өзге ақпарат таратылмады.

http://www.azattyq.org4