def1ada7be3dc38797e7b68ea15b7b80Ғаламдық жылыну құбылысы қазіргі қолтырауындар, кесірткелер мен тасбақалар өлшемінің әлденеше есе үлкеюіне әкеліп соғады. Калифорния және Небраска университеттерінің ғалымдары «динозаврлар дәуірі қайтып келеді» деп отыр.

Utro.ru-дың хабарлауынша, ғалым Патрисия Хиллард жылы террариумда өсімдік жегіш кесірткелердің ірілене­тінін анықтаған. Хиллардтың айтуын­ша, жоғары температураның салда­ры­нан бауырымен жорғалаушылар де­несі алты есе үлкеюі мүмкін. Осы зерт­теудің негізінде америкалық ғалым­дар тобы егер ғаламдық жы­лыну құбылысы тоқтамаса, Жер бетін­де алып рептилиялар қаптап, сүт­қо­рек­тілердің басымдығы жойылуы мүм­кін деген жаңа теорияны ұсынды. Олар бір дәуірлерде динозаврлардың көп болу себебін де осы тұжырыммен тү­сіндіргісі келеді.

http://alashainasy.kz/world/44412/

Рубрика: