АЛТЫНОРДА
Новости

Діни риторика: Болашақ кімнің қолында?

Астана. 20 ақпан. Baq.kz – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Тұрсын Ғабитов еліміздегі дін мәселесіне әсіресе жастар тұрғысында дәйекті әрі жан-жақты таразыланған саясат ұстанудың қажеттілігін айтты.

«Еліміздің болашағы жастар дейтін болсақ, бұл мәселеге де бейжай қарауға болмайтыны түсінікті. Сондықтан мектепке және басқада оқу орындарына жақын жерлерде, сондай-ақ кәмелетке толмаған жас жеткіншектер арасында діни үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді шектеу қажет деп ойлаймыз. Мемлекет пен қоғам азаматтардың психикалық саулығына да аса көңіл бөлуі керек. Өйткені жастардың көбі танымдық қызушылықтың салдарынан, сондай-ақ қарым-қатынастың, отбасы мен жақындарының оларға жеткілікті көңіл бөлмеуі салдарынан, яғни, өтпелі кезеңде туындайтын психологиялық қиыншлықтардың салдарынан да жаңа діндерге еріп кетеді. Осыған орай, мектептер мен басқа да оқу орындарында ұлттық тәрбие мен рухани жетілуге көп көңіл бөлуіміз қажет. Қазақстанның болашағы ұлттық мақсат-мүддемізге сай келмейтін діни идеялармен уланбаған, жан-жақты терең білімді жастардың қолында», — деді профессор.
«Мемлекетіміз бен ұлтымыздың болашағын ойласақ, діни сананы жетілдірудің жайы ойланатын-ақ жайт», — деп түйіндеді ол.
http://baq.kz/kk/news/43794