АЛТЫНОРДА
Новости

Дев Патель фантастикалық фильмге түспек

photoДев Пательге Нил Бломкамптың фантастикалық «Чаппи» фильмінің басты рөлін сомдауға ұсыныс жасалды. Бұл туралы The Hollywood Reporter хабарлап отыр. 

Патель (егер фильмге түсуге келісім беріп жатса) «кедей ауылдың жас жігітінің» рөлін сомдау керек екен. Ал басқа да детальдар әлі күнге айтылмай келеді. «Чаппи» фильмінің сюжеті де көрерменге жол тартуына дейін құпия күйінде сақталатын болыпты. Бірақ кейін белгілі болғандай, Бломкамтың «Tetra Vaal» атты 2004 жылғы бір жарым минуттық ролигінің идеясын кеңінен ашып көрсететін фильм болғалы тұр екен. Қысқаметражды фильмде робот-полицейліктер көрсетілген, онда олар оңтүстік африкалықтардың тәртібін сақтап жүреді.

 

Үндістандық тегі бар ағылшын актері Дев Патель Дэнни Бойлдың «Лашықтан шыққан миллионер» («Slumdog Millionaire») атты фильмінен соң даңқты болған еді. Картина 2008 жылы прокатқа шыққан еді. Содан 10 «Оскар» сыйлығына үміткер болып, оның сегізінде үздік деп танылды.

Нил Бломкамп бұған дейін тек екі толықметражды фильм түсірген болатын (екеуі де фантастикалық сюжетке құрылған). Оның біріншісі – «№9 аудан» («District 9») – 2009 жылы шыққан болатын. Ал екінші фильмінде Мэтт Дэймон мен Джоди Фостер рөл сомдаған еді. Оның таныстырылымы 2013 жылдың тамыз айына белгіленген екен.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

 

http://massaget.kz