©fishki.netБәрі кондуктордың егесуінен басталды

Қазақша көшенің атын қазақша атаса, несі кетеді екен? Жоқ, Өтеген батыр атындағы көшені «Матазалкі» дейді. Оның үстіне, орысшасын да қате айтады. «Неге қазақша айтпайсың?» деген зілсіз сұрақ қойсаң, «Сен не, маған әңгіме айтқың келіп тұр ма?» деп аузынан жаргон мен дисфемизмдерді жарыстырып, қатар шығарады. Келсін-келмесін орысша бірдеңе айтқан болады. Қарап тұрып, жаның ашиды.

Ойды ой туғызады

«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» кері болған қазақ тілінің мәселесі қай салада болсын ақсап жатқаны шындық. Ал осы мәселе орыстілді мектептерде қалай екенін білмек болып, Алматы қаласындағы №23 орыс мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Несібелі Жұмаділовамен сұхбаттаспақ болып, Наурызбай батыр көшесінде орналасқан мектепті бетке алдым. Қаланы білмегендіктен кондукторға ­«Наурызбай батыр көшесінде ескерт» дедім. Ойша мұғалімге қояр сұрақтарды пысықтап келе жатып, соңғы аялдамаға жеткенімді бір-ақ білдім. Кондуктордан «Мен түсетін Наурызбай батыр көшесі қайда», – деп сұрадым. Ол: «Мен, – Дзержинскийден түсетіндер бар ма? деп айттым ғой, үндемедің. Өтіп кеттік», – деді. Тағы да сол әңгіме… Сол егес. Орыстілді қазақтар мен өзге ұлт өкілдері адаспасын деп көшенің қазақша атын айтпай, бұрынғы орысша атымен атап, қазақша ресми, заңды атымен атауды талап еткендердің басына ит терісін қаптап жіберу не деген сорлылық?!

Ұлыбритания парламентінің депутаттары бастауыш мектептің бағдарламасына сексуалдық тәрбие беру сабақтарын енгізу қажет деп санайды. Олардың ойынша, балалар тек еркек пен әйел арасындағы жыныстық қатынас туралы ғана емес, бір жыныстылар арасындағы секс жайында да білуі тиіс. “Соның арқасында педофилдік әрекеттер сияқты қылмыстардан сақтануға болады”, – дейді олар.

Sky News телеарнасының хабарлауынша, бүгінде халық қалаулылары жастардың сексуалдық сауаттылығын көтеру саласындағы мемлекеттің жұмысына қанағаттанбай отыр. Олардың айтуынша, бастауыш және жоғары сыныптардың оқушылары ондай ақпаратты білуге құқылы. Бірақ олардың секс-сабақтарға бару-бармауын ата-аналар шешуі тиіс.

Депутат Грэм Стюарттың сөзіне қарағанда, секс туралы ақпараттың арқасында жастар өз денсаулығын сақтап қана қоймай, қауіпсіздік шараларын да сақтай алады. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары сол сабақтар арқылы жыныстық қатынастың қай түрі дұрыс екенін біледі. Сөйтіп, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық эксплуатацияның алдын алуға болады.

Қазір британ мектептерінде сексуалдық қатынас мәселесі тек жаратылыстану ғылымдары аясында ғана көтеріледі. Оның өзі “жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар” тақырыбы кезінде 14-16 жастағы оқушыларға оқытылады.

Ұлыбританияның білім министрлігі аталған пәнді енгізуге қарсы емес. Алайда оған дейін аталған сабақты оқытудың сапасын көтеріп алған жөн.

Автор: Арман АСҚАР

alashainasy.kz

Рубрика: