скачанные файлыБүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Биыл Рамазан айындағы ораза 29 күнге жалғасып, 17 шілде күні Ораза айтымен ұласады.

Ораза тұту — игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы — бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.

Рамазан айында пітір садақасының мөлшері Қазақстанның барлық аймақтары үшін 200 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының басынан айт намазына дейінгі мерзім аралығында беруге болады.

Рамазан айындағы қасиетті Қадір түні шілденің 13-інен 14-іне қараған түніне сәйкес келеді. Ал Айт намазы елордада 17 шілде күні таңғы сағат 06.30-да оқылды.

Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Источник: ИА “Казинформ”

Рубрика: