Безгек әлем халқының 40 пайызына қауіп төндіруде. Жыл сайын 500 миллионнан астам адам безгекпен ауырып, бір миллионнан астам адам осы кеселден көз жұмады. 

Ең ауыр салмақ Африканың Сахарадан әрі қарай оңтүстігіне түседі, бірақ бұл ауру адамдарды Азияда да, Латын Америкасында да, Таяу Шығыста да, тіпті Еуропаның кейбір бөлігінде де жалмайтын көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы өзінің 2007-нші жылғы мамырдағы сессиясында бекіткен Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні – бұл безгекке қарсы тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш жұмылдыру қажеттігін мойындау күні.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/news/view/47906

Рубрика: