Американың Бостан қаласында өтіп жатқан 117-нші халықаралық Бостон марафоны кезінде жарылыс болып, 3 адам қаза тауып, 130 адам жараланған.

Қолдан жасалған жарылғыщ зат марафон көмбесіне жақын жердегі жол шетіндегі қоқыс жәшіктерінің біріне қойылған екен. Бостон қаласының дәл осы жаралыс болған ауданында тағы да бес жарылғыш табылып, олардың бәрі залалсыздандырылған.

Оқиғадан кейін бірнеше сағат өткен соң, АҚШ Президенті Барак Обама Ақ үйде жарылысқа қатысты мәлімдеме жасап:

– Жарылысты кімнің және не үшін істегенін білмейміз. Біз бәрін анықтаймыз. Оған күмәндарыңыз болмасын!, – депті.

Бостондағы екі бірдей жарылыстан кейін, АҚШ-тың ірі қалаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Abai.kz

Рубрика: