29 апреля, 2015 Comments Off on БОКСШЫЛАРЫМЫЗ СЕРБИЯДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

БОКСШЫЛАРЫМЫЗ СЕРБИЯДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

cпорт(2)Сербия астанасы Белград қаласында 20 елдің 116 спортшысы қатысқан халықаралық турнир өтті. Турнирге Қазақстаннан Марат Елеусінов жаттықтыратын 6 спортшы аттанғен еді. Осы алты спортшының төртеуі турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды. Өз салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын ұтып, алтын медальды Азат Махметов (52 кг), Жанболат Тілегенұлы (56 кг), Рустам Сваев (75 кг) пен Нұржан Бекзатов (+91 кг) иеленді. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасынан Нұрбол Алтаев (81 кг) жарыстың қола жүлдесін ұтып алды. Өкінішке қарай 60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Жақсылық Ілиясов алғашқы жекпе-жекте Нидерланд елінің спортшысына (кейін ол турнир жеңімпазы атанды) есе жіберді. Айта кетейік, жерлесіміз Рустам Сваев 75 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленіп, турнирдің «Үздік боксшысы» атанды. Ол жарыста Шотландия, Норвегия және Сербия елдерінің спортшыларымен сынға түсіп, барлығын айқын басымдықпен жеңген. Осылайша Сербияда өткен турнир қорытындысы бойынша Қазақстаннан қатысқан 6 спортшы 4 алтын, 1 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Қалған орындарды Сербия және Молдова елдерінің спортшылары еншіледі.http://zhebe.com/
Загрузка...

Комментирование закрыто.