АЛТЫНОРДА
Новости

Бизнес әлемінің қызықтары

Мороженное2004 жылы жапониялық балмұздақ қауымдастығы «ет қосылған шикі балмұздақ» шығарған.

***

Ең алғашқы Colqate тіс пасталары шыны құтылармен сатылған.

***

NIKE символын жасаған дизайнерге небәрі 35 доллар төлепті.

***

Аптаның ең өнімді күні – сейсенбі.

***

Coca-Cola компаниясы кезінде «Жезөкше» деген алкогольсіз сусын жасап, саудаға шығарған.

***

Жұмысын бастаған алғашқы жылы мейрамханалардың 90 пайызы шығынға ұшырайды.

***

Батарейка шығаратын Duracell компаниясы жаңа халықаралық кеңсесінің құрылысы үшін өз өндірісінен қалған қоқыстарды пайдаланған.

***

Microsoft жұмысын бастаған алғашқы жылында 16 мың доллар табыс тапқан екен.

***

Walt Disney компаниясы күн сайын шамамен 120 мың килограмм қоқыс шығарады.

***

Дүкен сөрелерінде балаларға арналған заттар төмен жерде тұрады.

***

Әлемде ең жиі айтылатын ән Haррy birthday to you – авторлық құқығы қорғалатын ән.

***

Орташа статистикалық банкомат бір жылдың ішінде 250 долларға қателеседі. Көбінесе өз пайдасына емес, қолданушының пайдасына қателеседі.

***

Tide маркасы кір жуғыш ұнтақтар нарығының 70 пайызына ие.

***

Қытайда мынадай мақал бар: «Күлімдей алмайтын адам саудамен айналыспауы тиіс».

***

Sony жасап шығарған ең алғашқы өнім – ас үй плитасы.

 

http://kaz.classtime.kz/node/2278