АЛТЫНОРДА
Новости

Біз білмейтін

Англияның бірнеше тарихи деректерінде 12 ғасырда өмір сүрген «Вулпиттің жасыл балалары» туралы айтылады. Ежелгі мұрағаттарға сенер болсақ, денелері жасыл түсті аға мен қарындас ешкімге белгісіз бөгде тілде сөйлеп, тек қана жасыл тағамдармен тамақтанған-мыс.

Нигериядағы қара нәсілді жұптың отбасында ақ сары, ақ денелі бала дүниеге келген.

Египет пен Сирияның сұлтаны Саладиннің артында бар-жоғы бір алтын мәнет пен 47 күміс тиын қалған. Ал қалған бүкіл байлығын ел әміршісі тірісінде кедейлерге таратып берген деседі.

Чернобыльдегі қаулап өскен сора шөбін (конопля) көрсеңіз, еш таңғалмаңыз. Себебі, өсімдіктің дәл осы түрі жер қыртысын тазартуда өте-мөте пайдалы көрінеді.

Ай бетінде сілкініс орын алуда.

Легоның бөлшектерінен соғылған тұрғын үйді көріп пе едіңіз.

Құмырсқалар су астында 14 күнге дейін өмір сүре алады.

Үндістанның Гуджарат штатында сиырдың зәрін бөтелкеге құйып, емдік мақсатта пайдаланады: бауыр ауруынан бастап артық салмақ тастау, одан қала берді қылтамақ ауруына да дейін…

Киану Ривз «Бақылаушы» («Наблюдатель») киносына түскісі келмепті. Алайда, келісім-шартқа досы қойып жіберген жалған қолдың арқасында түсуге мәжбүр болған.

Шытырман оқиғаларды іздеуші, марафоншы, кит аулаушы Юхиро Вада шанаға ит жеккен ұзақ бір сапарында азық-түлік қорының таусылуына байланысты аш иттерге өз былғары дамбалын құрбандыққа шалған.

Жаңа Зеландияның жарасымды бір жұбы сот алдында ұлдарына төмендегі есімді қоюда табандылық танытқан: «Нөмірі 16-автобус аялдамасы».

Мысықтардың табан астында иісті (иіс шығаратын) без болады. Сондықтан мысық баласы сізге жанасқан бойда өз шекарасын белгілеуге тырысады.

сурет:tema.ru; wowfacts.net

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

http://massaget.kz