«Нұр Отан» партиясының бастамасымен журналистер ара­сында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан республикалық «Нұр сұңқар» байқауы бас­талды. Партия хатшысы Ерлан Қариннің мәлімдеуінше, 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жоба партия мен баспасөздің әріптестігін арт­тыруды және саяси ұйымның ат­қарып отырған жұмысын қа­рапайым халыққа түсінікті тіл­мен жеткізген жандарды ын­таландыруды мақсат тұтады.


Байқауға әдеттегідей партия мен оның филиалдарының, барлық деңгейдегі мәсли­хат­тардың, бастауыш партия ұйым­дарының қызметіне қатысты мақалалар мен сюжеттер қа­былданады. «Байқауға қазақ және орыс тілдерінде жазылған әртүрлі жанрдағы шығармалар қа­был­данады. Үміткерлер бәйгеге 2012 жылдың 1 қыркүйегі мен 2013 жылдың 10 маусымы ара­лығында жарық көрген ма­териалдарын ғана жолдау­лары керек. Материалдарды қа­был­дау осы жылдың 11 мау­сымында аяқталады. Байқау ережелері мен басқа да ақпарат «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында жарияланады. Ал байқау нәтижесі журналистер күні қарсаңында шығары­ла­­ды» деді партия хатшысы.

Оның айтуынша, биылғы байқауға жаңа аталымдар ен­гізілген және байқаудың жүл­де қоры, яғни жеңімпаз жур­на­листерге берілетін қар­жылай сыйлықтың көлемі бұған де­йінгі байқауларда берілген қаржы­мен салыстырғанда, әлде­қайда ұлғайған. Бұл ретте «Көзқарас – ең үз­дік блогер» аталымына ерек­-­ше тоқталуға болады. Себебі бұл аталым Қазақстандағы жаңа медиаларға қолдау көр­сетуді көздейді. Осы турасын­­да Е.Қа­рин былай деді: «Байқау­ға ин­тернет кеңістігін қамтитын аталым тұңғыш рет қосылып отыр. Биыл дәстүрлі БАҚ өкіл­дерімен қатар, блогерлерді де марапаттаймыз».

Қанат МАХАМБЕТ
Астана

 

http://www.aikyn.kz

Рубрика: