АЛТЫНОРДА
Новости

Бішкекте ҰҚШҰ бейресми саммиті басталды

н0БІШКЕК. 28 мамыр. Baq.kz — Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің бейресми саммиті өтіп жатыр.

Саммит Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері басшыларының қатысуымен өтуде. Армения және Беларусь басшылары мәжіліске келмеді.
Саммиттің басты тақырыбы — Ауғанстандағы жағдай және 2014 жылы НАТО әскерін шығарғаннан кейін аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері. Сонымен қатар, ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі және ҰҚШҰ мүшелері Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитеті дайындаған келісімдерді бекітілуі тиіс.

 

http://www.baq.kz/kk/news/29240