Себезгі нұрға шомылып тұрған әсем қала тұрғындарын мерекемен құттықтаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алматылықтарға бірлік пен ынтымақ, ізгілік пен молшылық тіледі.

 

Қазақстанның бүгінгі жеткен же­тістіктерінің бәрі осы бірлік пен ынты­мақтың арқасында қол жеткі­зілге­­ні­­не баса тоқталған Елбасы бүгінде еліміз жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі бойынша 12,5 мың доллар­дан айналатынын айтты. Бұл біздің елі­міздің Оңтүстік Азия «жолбарыстары­­мен» және Еуропаның шығыс және оң­түстік-шығыс елдерімен теңескенін көрсетеді.

«Бұл жетістік біздің халқымыздың ежелден-ақ ынтымақ пен бірлікке аса мән беретін ұлттық қасиеттерінің ар­қасында келді. Бүгінде орта білім мен денсаулық сақтау тегін. Адамдардың өмірінің ұзақтығы 64-тен 70 жасқа дейін өсті. Ең бастысы – елімізде осы уақытқа дейін болмаған ұлттық мем­ле­кет құрылды. Жаңа экономиканы құ­рып, тоталитарлықтан либералдық жүйеге көштік. Елбасы Наурыз біздің көпұлтты еліміз атап өтетін ежелгі мере­ке екеніне назар аударта келе, адал ең­бек, берік те үл­кен отбасы, жасы үл­кенге құр­мет, кішіге ізет, өзге мәде­ниетті ілтипатпен құшақ жая қа­былдай білу қазақстандықтардың ай­ны­­мас асыл құндылықтары бо­­лып қа­ла беруінің маңызы зор еке­ні­не тоқталды.

Наурыздың күн мен түн теңелеті­нін, күн ұзара бастайтынын білдіре­тін символдық мәні бар. Президент Қа­зақстанның қа­зір дәл сондай тарихи кезеңде тұрғанды­ғын атап көрсетті. Еліміз қилы кезеңдерді еңсере отырып, мықты әрі қуатты мем­лекетке айнал­ды. Нұрсұлтан Назар­баев қол жеткен табыстарға қарамастан, елі­міз бір орын­да тұрып қалмағанын, одан әрі даму­да екенін және алдына жаңа міндет­тер қойғанын атап өтті.

– Біз 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын қабылдадық. Біздің мақ­сатымыз – әлемнің жетекші 30 елінің қатарына кіру. Біз алдымызға өте батыл мақсаттар қойдық. Ол қыруар жұ­мыс­ты, үлкен қажыр-қайратты талап етеді.

Біз барша қазақстандықтардың жақ­сы өмір сүруі үшін ұзақ мерзімді даму жолын саналы түрде таңдадық, – деді Қазақстан Президенті. «Наурыз ықы­­лым заманнан бері ел­дің жадында қалған.

Ол Тәуелсіздігіміз­бен бірге қайта орал­ған тамаша мере­­ке болып санала­ды.

Бүгінгі күнді біз­дің бабаларымыз Ұлыс­тың ұлы күні, алыс­ты жақындатып, жақынмен қауышып, болашаққа ұмты­латын кез деп сана­­ған» деді Қазақстан Президенті.

«Халқымыздың тұңғыш рет өзіміз таңдаған елордасы – Астананы салдық, Алматыны көркейттік, тұңғыш метро­ны салдық, жаңа ғимараттар салы­нып жатыр. Көшеге қарасақ, бұрын 20 жылда болмаған жағдайларды көре­міз. Көше толған машина. Бір жағынан, оның қиыншылықтары бар шығар, екінші жағынан, халықтың әл-ауқа­тын білдіре­ді. Балаларымыз дүниежүзі­нің қай же­рінде оқимын десе оқи­ды. Халқымыз дүниежүзінің қай жері­не барып демала­­мын десе  демалады» деп атап өтті Нұрсұл­тан Назарбаев.

«Баршаларыңызды көктемнің жа­дыраған мерекесі, еліміздің салт-дәс­түрі сақталған Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке құтты болсын, ағайын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр жанұя­ға бақыт, жарық тілеймін!» деді Пре­зидент.

 

 

Алма МҰХАМЕДЖАНОВА

 

http://www.aikyn.kz

Рубрика: