обзор каз.прессы 04 октября, 2013 Comments Off on Білімді дамыту үшін қоғамдық майдан құрылды

Білімді дамыту үшін қоғамдық майдан құрылды

общее фотоЕліміздегі білім саласының алдында шешімін күткен мәселелер, күрмеуі қиын түйткілдер жетіп артылады. Бұған дейін білім жүйесіне қатысты көзқарастары мен ұсыныстарын түрлі деңгейде жариялап жүрген қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер өткен аптада Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, Қоғамдық майдан құрғанын жария етті. Әзірге бұл қозғалыстың туы астында «Аспандау» ғылыми-білім қоры, «АР-Намыс» ҚР мұғалімдерінің республикалық қоғамдық бірлестігі, Білім беру технологиялық паркі, Қазақстанның «Тең құқық пен тең мүмкіндіктер» институты, «Болашақ» республикалық жастар қозғалысы, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қоры, «Ерікті мейірімділік қоғамы» және білімді дамыту бағытындағы өзге де қоғамдық ұйымдар бірікті.Майданың мақсаты – еліміздегі білім беру жүйесін жөнге келтіру және оны дамытуға бағытталған мемлекеттік шаралардың тиімділігін бағалайтын тәуелсіз қоғамдық сараптама жүргізу. Олар Үкіметтен білім саласындағы өзгерістерді қоғаммен ақылдаса отырып енгізуді, түпкі нәтиженің сапасын ғана саралау құқығын өзіне қалдыра отырып, елдегі білім беру және ғылым мекемелеріне өзін-өзі басқаратын дербестік беруді, білім жүйесін мемлекеттік реттеудегі маңызды шараларды қоғамдық сараптамадан өткізуді, білім беру үрдісінің барлық қатысушылары мен тұтынушыларымен белсенді диалог жүргізуді талап ететінін мәлімдеді. общее фотоҚоғамдық белсенді топтың мүшелері нағыз жанайқайын жеткізіп отыр. Олардың айтуынша, білім беруді мемлекеттік басқарудың шектен шыққан әрі асқан тиімсіз жүйесінің кесірінен мектептердегі оқыту бағдарламалары мен оқулықтары ғылыми мазмұнынан айырылыпты. Сондай-ақ оқытушылардың біліктілігі мен оқыту-тәрбиелеу үрдісі сапасының төмендеуі, қандай тұлғаны қалыптастырып, онда не оқытылады, оны кім оқытады және осының барлығын кім басқарады деген мәселелерге қатысты білім беруді дамытудағы айқын және бірыңғай саясаттың жоқтығына үлкен алаңдаушылығын жеткізді. Жұмыс неге жүйесіз жүргізіледі?ҚР Президентінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру маңызды екенін және мемлекет білім беру қызметін ұсынуды және оның сапасына баға беруді бір мезгілде атқармауы тиіс», деп атап өткен болатын. Бірақ Үкімет тарапынан жасалған ауқымды реформалар шеңберіндегі бітпейтін және жүйесіз қайта құрулар нәтижесінде білім беру жүйесі ғылым және қоғам идеологиясымен байланысын жоғалтып, адам тұлғасын тұтастай қалыптастыруды тоқтатып, адамға лайықты қоғам құрудан қол үзген сыңайлы. «Аспандау» ғылыми-білім қорының президенті Қанат НҰРОВТЫҢ мәліметінше, «республикамыз  тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында біздің мектептеріміз бен жоғары оқу орындарымыздың түлектері диалектика мен логика заңдарынан алыстап, коммунизмді капитализмнен ажырата білуден қалды, ал бүгінгі күні олардың жартысы жердің күнді айналатынына күмәнданып, көбейту кестесін жатқа білмейді. Сандық көрсеткіштерді қойып, білім беруді дамытудың психологиялық және сапалы көрсеткіштері мен шараларына көшетін кез келді. Білім беру сапасы дегеніміз – білім, икем мен дағдыны игеру ғана емес, бірінші кезекте оның ғылыми мазмұн, қабілеттерді, ақпараттық қоғамдағы жаңа адам тұлғасы мен оның құндылықтарын қалыптастыру екенін түсінетін уақыт жетті».Қоғамдық майдан енді алдағы уақытта ҰБТ-ның тиімділігі және БҒМ-нің ұсынып отырған баламаларының өзектілігін, мұғалімдердің қағазбастылығын жеңілдету мен олардың жалақысын ел ішіндегі орташадан жоғары деңгейге дейін көтеру, ҚР БҒМ және басқа да мемлекеттік органдардың білімді қаржыландыруға қатысты ашықтығы мен айқындығын, Білім министрлігіне қарасты қоғамдық кеңестер мен басқа да мекемелерді тәуелсіз қоғам алдында есеп беруге міндеттеу мәселелерін қарастырмақ. марианна гурина              Марианна Гурина «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті Марианна ГУРИНА ұстаз мәртебесі мен мектепті қаржыландыру мәселесіне қатысты күйінішін ортаға салды.– Мұғалімдер күні қарсаңында мұғалім мәртебесі жайында айтқым келеді. Аса қомақты қаражаттардың бөлініп жатқанын естиміз, бірақ одан оңып жүрген мұғалім жоқ. Мұғалім мәртебесі бұрынғыдай тым төмен күйінде қалып отыр. Біздің еліміз осы мұғалімдердің арқасында ғана тұр. Мектептердегі мұғалімдердің бүгінгі күйіне қарап еліміздің болашағын болжай беруге болады. Жалақы деген ең сорақы мәселе. Жаңадан келген мұғалімнің айлығы айына 40 мың теңге. Баспана деген нағыз мұң, тіпті пәтер жалдауға жағдайлары келмей, біреудің бір бұрышын әрең жалдап тұрады. Еркек атаулы мектепте мұғалім болғысы келмейді, өйткені мұғалімнің еш мәртебесі қалмаған. Бұл мәселені шешпесек болмайды.Екіншіден, мектептерді қаржыландыру жайы. Мектепте ақша жиналмауы керек, мектеп тегін болуы керек деп айта-айта жағымыз талды. Қазір мектептерге ақша жетіспейді. Министрлер миллиардтаған ақша бөлінді деп мәлімдеп жатады, онысы қарапайым бұқаралық мектептерге дейін жетпейді. Ақшаның бәрі күні кеше дауға әкелген e-learning жобасына, ұстаздардың біліктілігін арттыратын үш айлық курстарға жұмсалған. Айтпақшы, бұл курстан бір мұғалімді өткізу үшін мемлекет 900 мың теңге шығындайды екен, бірақ одан мектепке де, мұғалімнің өзіне де титтей пайдасы жоқ. Қомақты қаражат жаңа, кезекті бақылау департаментінің жұмыс істеуіне жұмсалады. Бөлінген ақша оқушыға жетпейді, сол себепті оқушы жұпыны мектепте, тозығы жеткен партада отыруға, сапасының қандай екені белгісіз асханалардан тамақтануға мәжбүр. Өзі қайыршының күйін кешкен мұғалім кімге білім бермек, осылайша оқу үрдісі әлдеқашан жайына қалған. Ол аздай, мұғалімге деген сенім жоқ, қайда барсаң да тоқтамайтын тексеру. Тексеру келгенде құшақ-құшақ қағаз арқалап, жауап жазумен, есеп берумен әлек болады. Қағазбастылықтан құтылу керек. «Мұғалім алдымен білім беруі керек» деп Елбасының өзі айтты ғой, – деді М.Гурина.Әріптесінің сөзін жалғастырған Қазақстанның «Тең құқық пен тең мүмкіндіктер» институты директоры Маргарита ӨСКЕМБАЕВА елдегі Ұлттық бірыңғай тестілеудің өзі талай бүлік тудырып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, «қазір тегін білім қалмады, ҰБТ үшін балаларды тестке дайындайтын қосымша ақылы қызметтер қаптаған. Балалар арасындағы суицидтің басты себебі білімнің баршаға бірдей қол жетімді болмауынан туындауда». Интеллектуалды мектептекімдер оқып жүр екен?Федор Вассерман              Федор ВАССЕРМАН Отандық «Білім беру технологиялық паркінің» директоры Федор ВАССЕРМАННЫҢ айтуынша, бүгінгі білім жүйесі тым жабық. Жүйенің мектептер, директорлар мен мұғалімдер, оқушылар мен сабақпен байланысы жоқ, жүйе тек өзін-өзі тексерумен айналысуда. Нәтижесінде авторы кім екені белгісіз оқу стандарттары пайда болды. Күші жойылған, бірақ орнына жаңасы жасалмаған биология оқулығы пайда болды. «Мектепте 11 жыл оқығаннан пайда жоқ болды, тек 11-сыныпты бітірсең болды. Мектептің жалғыз мақсаты ҰБТ болды, ал оқу-тәрбие ісі біртіндеп ұмытылып барады. Оның маңызын мұғалімдер де, ата-аналар да ұмытты. Сапаның 98 пайызы басқаруға байланысты екенін ұмытпайық. Басқарудың орындаушылармен кері байланысы болуы тиіс», – деді ол.маргарита ускембаева              Маргарита ӨскембаеваЕлімізде құрылған Назарбаев интеллектуалды мектептеріне де ерекше назар ауыпты. Білім саласындағы мамандардың айтуынша, бұл жерде саясат біржақты жүргізілуде. «Бізде қазір 20 интеллектуалды мектеп бар. Сонда оларда оқитын балалар интеллектуалды да, қалғандары интеллектуалды емес пе? Біз интеллект дегеннің өзін теріс түсіне бастадық. Шын мәнінде, интеллект бәрінде бар. Интеллектті дамытуға болады, мен мұны балалар психологы  ретінде толық жауапкершілікпен мәлімдеймін. Өскеменнің түкпірінде туып-өскен баланың Астана немесе Алматыдағы Назарбаев интеллектуалды мектебінде оқитын баладан өресі төмен емес. Осы тұрғыдан біз елдегі білім беру саясатын өзгерту қажеттігін талап етеміз. Әйтпесе, арамыздағы бір балалар өзгелерге қарағанда «шектен тыс білімді де ақылды, асқан интеллектуалды» болып кетеді. Біз бәріміз бір елде тұрамыз, білімді бөле-жара емес, бірдей етіп беру керек. Бұл, әрине, күрделі болар, бірақ ол қолымыздан келеді», – дейді Маргарита Өскембаева.Білім беру саласы қазір Қазақстанда ғана емес, жер-жаһанда проблемаға айналыпты. Ақпараттық ғасырда балаларда ақпараттық білім емес, логика мен саралауды үйрету керек деседі. Әлемдік білім индустриалдық білімге бой түзеген. Кез келген маманды көкжиегі кең, білімі терең етіп дайындау талабы тұр. Қазір тіпті Болон декларациясының өзі де интеграциялық мүмкіндіктеріне қарамастан жаңа ақпараттық қоғамның талаптарына сай емес деседі. Қысқасы, Қазақстанға да барша әлемдегідей ақпараттық қоғамның тұлғасын қалыптастыру қажет. Бұл жерде білім беру жүйесінің маңызы зор, өйткені тұлғаны білім беру жүйесі қалыптастырады. Тұлға – қоғамның негізгі бөлшегі. Біздің білімдегі ақаулықтарға оқыту жүйесінің ғылымнан, қоғамның идеологиясынан алшақ кеткені себеп деседі. Айдын ОЛЖАЕВ,Алматы 
Загрузка...

Комментирование закрыто.