АЛТЫНОРДА
Новости

Біле жүріңіз!

iuЖер бетіндегі ақшаның 8 пайызы ғана қолма-қол ақша түрінде қолданылады. Қалғаны – электронды түрде.

 

Өзіңіздің жасыңызды алып, оны 7-ге көбейтіңіз. Одан шыққан санды 1443-ке көбейтіңіз. Нәтижесінде сіз өз жасыңыздың үш рет қайталанғанын көресіз. Сенбесеңіз, есептеп көріңіз.

 

Егер 1 миллиард адам бір мезетте жоғарыға секірсе, олардың қуаты 500 тонна жарылғыш затқа парапар келеді.

 

Салмаққа шаққанда банан жүзім мен апельсиннен кейінгі ең көп өнім беретін үшінші
жеміс.

 

Банан жеу бойынша тіркелген әлемдік рекорд – бір сағаттың ішінде 81 банан.

 

Шулы музыка біздің көру қабілетімізді төмендетеді. Сол себепті алыстағы бір нәрсені көру үшін біз құлағымыздағы «наушниктерді» шеше тұрамыз.

 

Отыз жыл бұрын ашылған Чанги (Сингапур) халықаралық әуежайы талай рет әлемнің үздік әуежайы атағын алған.

 

Ірімшік – жер бетіндегі дүкендерден ең жиі ұрланатын өнім екен.

 

101 жастағы Ву Конхан мен оның 103 жастағы әйелі Ву Сонгши үйленгендеріне 88 жыл болған кезде ғана алғаш рет неке суретіне түсті. Өйткені олар үйленген 1920-жылдары Қытайда фотокамералар болмаған.

 

Жер бетіндегі тіршілік иелерінің үш түрі ғана қалың қол жинап, бір-біріне қарсы соғысқа шығады: адамдар, қарғалар және құмырсқалар.

 

Біздің үйіміздегі шаңның 70 пайызы адам терісінен түскен өлі қабыршықтардан тұрады.

 

http://kaz.classtime.kz/node/2328