АЛТЫНОРДА
Новости

Берік Уәли “Нұр Отан” партиясының идеологиялық кеңесшісі болып тағайындалды

images (2)Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясаты басқармасының басшысы Берік Уәли мырза “Нұр Отан” партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi қызметiне тағайындалды. Ендігі жерде бас партияның ақпараттық-идеологиялық жұмысына жауапты лауазымға ие болған Берік Уәли мырзаның жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпаратты саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы өзінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов Мемлекеттегі билеуші партияның бірінші орынбасары қызметіне ауысқаннан бері қоғамдық ортада және қазақстандық БАҚ-та облыстағы ішкі саясаттың тізгінін ұстап отырған Берік Құрманғалиұлының  да «командалық» жасақпен Нұр Отанға ауысуы мүмкін дегенсыбыс тарала бастаған. Өз кезегінде «Қамшы» порталы да Берік Уәли мырзаның облыстағы ішкі саясатта жасап жатқан жұмыстарына әділ, сыни пікірлерін беріп келді деген ойдамыз.

Естеріңізде болса, белгілі журналист Берік Құрманғалиұлы  2014 жылдың маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалған болатын.

Берік Уәли мемлекеттік қызметтегі алғашқы баспалдағын ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары- облыс әкімінің баспасөз хатшысы болып жемісті бастаған болатын.  Бұл жауаптылығы мен маңызы зор  жаңа қызметінде де, ұлт мүддесі үшін талай игі істерді атқаратынына күмәніміз жоқ. Берік мырзаның бас партияның идеологиялық саясатына тың серпін қосып, жаңа бастамаларымен халықтың қамы үшін сүбелі шаруалар атқаратыны сөзсіз. Әр жылдары өзінің журналистік қырымен танылып, халықтың сүйіспеншілігіне ие болған Берік Құрманғалиұлына жаңа қызметте табыстар тілейміз. Ұлтшыл азаматтардың билеуші партияға  келуін біз жақсылыққа жорып отырмыз.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

«Қамшы» сілтейді