АЛТЫНОРДА
Новости

Баян Есентаева «КешYou» тобының жаңа құрамын таныстырды

АСТАНА. 16 ақпан. Baq.kz — Белгілі тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева «КешYOU» тобының жаңа құрамымен таныстырды.

«Кешью тобының жаңа әншілерімен таныстырғым келеді. Ақбота Сейтмағамбет, 18 жаста. Чайковский атындағы музыка колледжінің студенті. ОҚО Кентау қаласының тумасы. Ол біздің үлкен үмітіміз!», — деп жазды продюсер фото комментариіне.

Б.Есентаева таныстыруын ары қарай жалғастырды.

«Балжан Бидаш, 19 жаста. Елебеков атындағы эстрадалық-цирк колледжінің студенті. Түрлі байқаулардың лауреаты. Шығармашылық жанұяда туған. Сыр елінің талантты тумасы, болашағы жарқын, мақсаты айқын!», — деп қосты ол.

«Жұлдыз Өмірғали, 19 жаста. Рысқұлов атындағы ҰЭУ-да «әлемдік экономика» мамандығы бойынша білім алуда. Алматы облысы Ұзынағашта суретшілер жанұясында туған. Дарынды қыз!», — деді продюсер.

Атап өту керек, жаңа құрамдағы топ 13 ақпанда Алматыда өткен Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кешінде өнер көрсетті.

Еске сала кетейік, топтағы өзгерістер туралы Б.Есентаева ағымдағы жылдың басында хабарлаған. Топтың бұрынғы әншісі Кәмшат Жолдыбаева жеке әншінің карьерасын, ал Айдана Меденова дизайнерлік қызметпен айналысатын болды.

Бұрын бұл топ құрамында Мөлдір Әуелбекова, Әнел Арынова және Жанар Доғалова болған.

ҚазАқпарат

http://baq.kz/kk/news/60840