АЛТЫНОРДА
Новости

БАУЫРЖАН ИБРАГИМОВ: НАҒЫЗ ҚАЗАҚЫ ҚАЛЖЫҢНЫҢ ҮЛГІСІН ЖАСАМАҚПЫЗ

4aed1f7e4f304d22e3a86ada2eaab0e8«Тамашамен» танылып, «Бауыр­жан-шоумен» атақ-даңқы шыққан Бауыржан Ибрагимов «Хабар» телеарнасынан бағдарлама ашқалы жатыр деген ақпаратты құлағымыз шалды.Жағымды жаңалықтың анық-қанығын білмек үшін Баукеңмен хабарласып, аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік…
Айқын-анықтама:
«Көзкөрген» бағдар­ламасын қазан айының 20-сынан бастап, әр жек­сенбі күні 18:00-де «Ха­бар» арнасынан тама­шалауға болады.

– «Хабар» телеарнасынан бағдар­лама ашып, оны өзіңіз жүргізеді деп естідік. Ол қандай бағдарлама, оны көрермен қауым қашан көре алады? Жалпы, бағдарлама туралы толығы­рақ мәлімет бере кетсеңіз?
– Иә, ол рас. Бағдарлама «Көз­көр­ген» деп аталады. Бағдарлама деген­нен гөрі, «телеклуб» деп атаған жөн секілді. Яғни «Көзкөрген» телеклубы. Қа­зақ­тың белгілі қаламгерлері мен актер, ре­жиссер, қысқасы, өмірден өткен та­нымал тұлғалардың ұтымды әзілдерін, тыңнан тауып айтқан сөздерін, күлкі шақыратын қызықты оқиғаларын бір топ замандастары жиылып, еске алысатын болады. Түсінікті болу үшін айтайын, «Деген екен…» деген жинақ­тарды оқыған боларсыз. Сол «Деген екеннің» әңгіме нұсқасы. Мысалы, бір хабарды Оспанхан Әубәкіров­ке ар­насақ, студияға ол кісінің жанында жүрген құрдас­та-
рын, ізін басқан іні­лерін, шы­ғар­ма­шылығымен жақсы та­ныс оқыр­мандарын жиып, әңгіме-дүкен құрамыз. Ал­ғаш­қы ха­бар қазан­ның аяғына та­ман шы­ғып қалатын болар.
– Бағдарламаның басты ерекше-лігі не сонда?
– Бұл бағдарламаның өзге хабар­лар­дан ерекшелігі – студияда мони-тор, экран дегендер болмайды. Бәрі
сол жерде импровизациямен айты­-
луы тиіс. Мысалы, сол тұлғалардың шығармалары, оларға арналған туын­дылар, әндер орындалса, фонограм­ма­мен емес, домбырамен, гитарамен, баянмен, яғни табиғи қалыпта айты­латын болады. Ал мақсатына келер бол­сақ, біздің алдыңғы толқын аға­ла­рымыздың айтқан әзілдері, қиыннан сөз тапқан ше­шендіктері – нағыз қазақы күл­­кі, ұлттық тәр­­бие. Соларды те­ріп айта отырып, көрерменді күл­дір­сек әрі ойландырсақ, сөйтіп, айтулы тұлғаларымызды жаңа қы­ры­нан да бір насихаттасақ деген ниетіміз бар. Кім біледі, мысалы, Қадыр Мырза Әлидің қалжыңдарын естіп, оның шығар­ма­шылығына қызыққан жастар, кітабын да оқуы бек мүмкін.
– Сонда бұл сіздің авторлық жо­ба­ңыз ба?
– Бұл бір алдын ала ойластырыл­-ған жоба емес. Бірақ көңілімнің түк­пірінде жатқан идея болатын. Өткен жылы «Біз» ток-шоуына қатысып, сон­да «Хабар» арнасының Бас продю­сері Ринат Думанұлы: «Бір бағдарлама ашып, соны сіз жүргізсеңіз» деген ұсыныс айтқан болатын. Соның сәті міне, биыл түсіп отыр. Бағдарламаның жөн-жобасын «Хабардың» жігіт­тері­мен бірлесе отырып жасадық. «Көз­көр­генді» мен жалғыз емес, екі кісі боп жүргіземіз. Екінші жүргізуші – белгілі сатирик, қаламгер Көпен Әмір Бек ағамыз. Көпекеңді әзіл-қалжың жанры жағынан қазына деуге болады. Сон­дық­тан Көпен аға мазмұн жағын қа­тырса, мен форма жағынан демесем, яғни ойнайтын жерінде ойнап, күлетін жерінде күліп дегендей, бізден жап-жақсы тандем шығады деп ойлаймын.
– Сізді «Бауыржан-шоудан» кейін көрінбей кетті деп жатады кө­рер­мендер. Осы соңғы бір-екі айдың кө­лемінде Одақ құрдыңыз, концерт бе­ріп жатырсыз, енді бағдарламаңыз шықпақ екен. Бұл белсенділік қайдан пайда болды?
– Пайда болғанда, әр нәрсе өзінің уақытында болады екен. Бір кездері «Бауыржан-шоу» театры ашылуы керек болды. Ашылды. Сол деңгейде жұмыс істеу керек болды. Істеді. Қан­шама шәкірттер дайындадым. Сол жігіттер әрқайсысы бір-бір тұлға бол­ды. Алды театр ашып жатыр. Ал енді одан тағы бір белеске көтерілу үшін
3-4 жылдай ойландым, толғандым. Сол бір кездерде Алла сәтін салып, Аста­наға келдім. Сөйтіп жүргенде «Ша­быт» өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаевамен жолығып қалдым. Ол кісі мені жұмысқа ша­қырды. Мен келістім, бірақ: «келсем, жай мұғалім болмаймын, сатира жанры­на арнайы мамандар дайын­дал­майды, соны ашайық» дедім. Ол кісі қолдады. Сонымен, былтыр сатира актерлерін дайындайтын курс ашып, 14 бала қабылдадық. Ойда жүрген
тағы бір нәрсе – эстрада артистерінің одағын құру еді. Жігіттермен ойласа отырып, эстрада және театр артис­терінің басын қосып, олардың шы­ғармашылық һәм кәсіби деңгейінің өсуіне өз үлесімізді қосу мақсатында жаңағы одақты құрдық. Оның ар­тын­ша, міне, «Сабақты ине сәтімен» де­гендей, өзімді тележүргізуші ретін­де сынап көрудің реті кеп қалды. Бәрін бір уақытқа ыңғайлап, арнайы жаса­­-ған шаруа емес, ал енді нәтижесін ал­дағы уақытта көре жатармыз.
– Әңгімеңізге рақмет.

Ернұр ӘБДІСАМАТ

http://www.aikyn.kz