АЛТЫНОРДА
Новости Алматы

Батыр бала перзентханадан шықты

13193-212-batyr_bala_perzentha_ruАлматыда салмағы 6 келіге жуық боп туған сәби перзентханадан шықты. Ұл туды деп бір, батыр туды деп екі қуанған отбасының туған-туыстары мұндай жаңалықты 31 арнамен бөліскен еді.Мөлдір Сағадиева бүгінде екі баланың анасы. Алғашқы сәбиін екі жарым келі салмақта дүниеге әкелген ол араға бір жарым  жыл салып, тағы да қуанышқа кенелді. Әскери қызметтегі жұбайымен Тараз қаласында тұратын Мөлдірді дәрігерлер арнайы Алматыға жіберген. Ақ халаттылар сәбидің үлкен салмақта болатынын ескерткенімен, дәл мұндай жаңалықты күтпедік дейді  жас ана.Өте жақсы көңіл-күйім. Не айтарымды білмей тұрмын. Құдайға шүкір, дүниеге ұл әкелдік,  дейді сәбидің анасы Мөлдір Сағадиева.
Екі бірдей азаматты дүниеге әкелген қуаныш иесі енді қызым болса деп армандайды. Ал Мөлдірдің анасы жаңа туған жиеніне есім беру бақыты өзіне бұйырғанына дән риза.
Ана мен баланың денсаулығын да кінәрат жоқ деген дәрігерлер, босандыру кезінде де еш қиындықтың әрі өзгешеліктің болмағанын айтады. Ендігі міндет Нұрәлидің салмағын қадағалап, ерекше күтім жасау дейді мамандар.
31 арна