18 марта, 2015 Comments Off on Баһаргүл: Төрткүл дүниені араладым, бірақ қазақ аруларындай ізетті қыздарды кезіктірмедім

Баһаргүл: Төрткүл дүниені араладым, бірақ қазақ аруларындай ізетті қыздарды кезіктірмедім

PQE9Od2wNVg«Әдемі-Ай» компаниясының президенті Баһаргүл ТӨЛЕГЕН:–Шыным, мұны көңіл жықпастықпен айтып тұрғаным жоқ. Дәм бұйырып талай елді араладым ғой, қазақ қыздарындай сұлуларды көрсем кәні! Өзім Қытайдың Шәуешек қаласында дүниеге келдім, сол жерде мектеп бітірдім. Сосын Пекин университетіне оқуға түстім. Қазір бұл дерекпен ешкімді таңғалдыра алмайсыз. Қазақ жастарының бәрі сауатты. Екінің бірі ағылшын тілінде еркін сөйлей алады. Мұны да тәуелсіздіктің жемісі дегеніміз орынды шығар. Сол тәуелсіздіктің арқасында 1994 жылы атамекенге, Қазақстанға оралдым. Қытайда жүргенімде қытай императорларының киген киімдері, ұстанған бұйымдары, ұлттық құндылықтары қатты қызықтыратын.Бізде елміз, іргелі елміз, бір өкініштісі, жаһандану дақпырты біздің, әсіресе жастардың буынына ертірек түскен тәрізді сезіледі маған. Сол ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік мені тыныш жатқызбады, республикамыздың түкпір-түкпірін түгел араладым. Әшекей бұйымдарды, қолөнер туындыларын молырақ жинадым. 2011 жылы «Әдемі-Ай» мұражайы ашылды. «Әдемі-Ай» жәдігерлері Тұңғыш Президенттің мұражайындағы көрмеге қойылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Әдемі-Айдың» бұйымдарына аса қызығушылық танытып, жоғары баға берді.–«Әдемі–Ай» компаниясы кәдесыйлар мен сувенирлер жасау жөнінен республикаға белгілі бірден-бір кәсіпорын. Қысқаша осы туралы айта кетсеңіз?–Компания сувенир нарығында өз бағыт-бағдарын толықтай айқындады. Алматыда, Астанада арнаулы дүкендеріміз бар. Шағын шеберханамыз тапсырыс берушінің дизайны бойынша кәдесыйлар жасап шығара алады. Күрделі дегендерін Қытайға, Түркияға тапсырыс береміз. Бұл күндері «Әдемі-Ай» 700 ден астам кәдесыйын жұртшылыққа ұялмай ұсынып отыр.–Компанияда қанша адам қызмет істейді?–Шеберлерімізді, дизайнерлеріміз бен суретшілерімізді қосқанда елу шақты адам. «Асығың алшысынан түссін», «Сәттілік», «Ырысты», «Құдағи жүзік», «Жеті қазына», «Қос аққу», «Шаңырақ», «Береке», «Орамал тон болмайды, жол болады», «Қуыс үйден құр шықпа»…т.б. кәдесыйлар біздің компания қызметкерлерінің жеке шығармашылық жетістіктері.–Биыл мерекелер жылы ғой…–Ұлы мерекелерге кірісіп те кеттік. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70, Ата Заңымыздың 20 жылдығы секілді айтулы мерекелерге қатысты бірнеше тапсырыстар қабылдап, күні-түні тынымсыз жұмыс істеп жатқан жағдай бар. Оның үстіне Президенттің кезектен тыс сайлауы келе жатыр. Сайлауға бір кісідей қатысып, хал-қадірімізше үлес қосу–әрбіріміздің азаматтық парызымыз ғой. Біздің насихаттық бағыттағы кішкене жалаушылар, мойын орамалдар мен майкалар жасауға да қабілетіміз жетеді.- «Айналайын» жастар сайты «Әдемі-Ай» компаниясының аруларын және өзіңізді келе жатқан көктем мерекесімен, Жыл басы–Наурыз мерекесімен құттықтайды.- Рақмет! Наурыз мерекесі табиғаттың бүршік жаратын, дүниенің жаңарып жасаратын ерекше мерекесі ғой. Осы орайда барша қазақстандық құрбыларымды, ақшашты аналарды, бәрін, баршасын Жыл басы–Наурыз мерекесімен құттықтағым келеді. Күндеріңіз әрдайым шуақты болсын! Молшылық болсын!http://aynaline.kz/archives/4972
Загрузка...

Комментирование закрыто.