АЛТЫНОРДА
Новости

АЖЫРАСҚАНДАР САНЫ АЗАЯР ЕМЕС

Ажырасқандар саны азаяр емесСоңғы уақытта елімізде отбасын құрғандар саны артқанымен, жас отбасылардың қайта ажырасуы да жиі тіркелетін болды. Бұрын-соңды қазақ халқында ажырасу деген сөзді ести бермеуші едік. Ал қазіргі таңда ажырасу, баласын тастап кету деген сынды қазаққа жат сөздерді құлағымыз жиі шалып жүр. Елімізде ажырасқан отбасылардың саны көбейгені туралы ҚР Ұлттыұ экономика министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы елімізде 1000 адамға шаққанда 9,31 неке құрылса, ажырасқандар қатары 2,3 пайызға артқан. 2014 жылдың 11 айында тіркелген неке саны 2013 жылғыдан 5,1 пайызға төмен болыпты. Сәйкесінше, 2014 жылдың қаңтар-қараша айларында 48,4 мың неке бұзылыпты. ҚР Ұлттық экономика министрлігің баспасөз қызметі 2014 жылғы халықтың демографиялық жағдайы туралы мәліметтерді де жариялапты. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарлама бойынша, 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша Қазақстан халқының саны 17 397 200 адамға тең. Олардың 55,3 пайызы қалада, 44,7 пайызы ауылда тұрады. 2014 жылғы көрсеткіш бойынша халықтың саны 236,4 мың адамға, яғни 1,38 пайызға артты. Соңғы уақытта елімізде туу көрсеткіші артып, өлім-жітім көрсеткіші төмендеп жатыр екен. Соңғы 10 жыл ішінде туу көрсеткіші 25 пайызға артыпты.

Әнуарбек Әсел

http://www.turkystan.kz/kz/articles/view/63691