04 ноября, 2013 Comments Off on «Аягөз деген ғашықтар елі кешегі»

«Аягөз деген ғашықтар елі кешегі»

козы Аягөзде Қозы мен Баянға ескерткіш орнатылды.Аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ жұмыс сапарымен Аягөз ауданында болды деп жазады облыстық «Дидар» газетінің тілішісі.  Тарих тұңған шежірелі өлкеде байтақ елді елең еткізер, ұрпаққа ұлағатты тәрбие-тағылым танытып, жұртшылық жүрегінде ұзақ сақталар игі шара өтті. Атап айтсақ, күрделі жөндеуден өткен «Жастар» саябағында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Саябақты толығымен жаңартып, ішіне волейбол, теннис алаңдарын, субұрқақ орнатуға 31 миллион теңге жұмсалса, ескерткіш демеушілер көмегімен жасалыпты.Біз болашақ үшін ешуақытта өткенімізді ұмыптауымыз керек. Барлығымыз жас кезімізден Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың арасындағы сезім жырланатын мың жылдық әдеби мұраны жақсы білеміз. Осы ескерткішті ашудағы басты мақсат  жастарымызды Қозы мен Баянның сүйіспеншілігі аясында тәрбиелеу. Өйткені, екі жастың бір-біріне деген мөлдір махаббаты  ұлттық мәдениетіміздегі әдеміліктің, ақылдылық пен парасаттылықтың айнымас үлгісі,  деген Бердібек САПАРБАЕВ облыс басшылығы атынан ескерткішті салуға көмек қолын созған, осы істі жан-жақты қолдаған аудан азаматтарына, кәсіпкерлерге ақжарма алғысын білдірді.Бұдан әрі сөз сөйлеген жергілікті ақсақалдар алқасының мүшесі Мұқан Балабеков айтулы оқиғаға қатысты өзінің жүрекжарды тілегін айтып, Аягөз өңірінің шын мәнінде махаббаттың отаны атанып отырғанын жеткізді. Ашылу рәсімінен соң сол күні шаңырақ көтерген жас жұбайлар мәңгілік махаббаттың символы  Қозы мен Баянның ескерткішіне тағзым етті. Жастарға облыс Әкімінің арнайы сыйлығы мен құттықтау хаты табыс етілді. Осы сәулет туындысы оларды тау суындай мөлдір махаббатқа, пәк сезімдерге жетелеп, шаңырақ көтерген сәттерінің куәсі болары сөзсіз.Masa.kz
Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb