скачанные файлыБүгінгі процесте «Металлургия-Металл өңдеу» индустриалық паркі­нің инженер-сметашысы Елена Гряз­новадан куәгер ретінде жауап алын­ды. Ол Қарағанды индустриялық паркінің аумағында инфрақұрылым­дық нысандар салу оқиғасы бойынша бірқатар былықтардың бетін ашты.

Оның айтуынша, шаруашылық-тұрмыстық суағарларды тазалайтын стансаның құрылысына алғашында «Центрстрой-комплект НС» ЖШС-ның қызметкері Оразалы Айменбетов жетекшілік еткен. Ке­йінірек, ол «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркінің директорының орынбасары болып тағайындалады. 

– 2011 жылдың қазан айында О. Айменбетов осы қызметке таға­йындалған соң мен актілерді қабыл­дау және тексеру шараларына қа­тыс­қан жоқпын. Оның себебі құрылыстың бас мердігері «ҚазГер­Құрылыс» ЖШС-дан ірі-ірі ұсы­ныс­тар бойынша ғана актілер келіп жатты. Стансаның құрылысы мем­лекеттік экспертизадан өтпеген, бас жобалаушы «Сәулет» ЖШС-ы мақұлдамаған, тіпті тапсырыс бе­руші «Металлургия-Металл өң­деу» индустриялық паркі» ЖШС-мен келісілмеген, өзгертілген жоба бойынша жүргізілді. Өз басым мемлекеттік сараптамадан толық өтпеген, сметалық және жобалық құ­жаттары жоқ нысан бойынша іс­телген жұмыстардың көлемін қа­былдау және оның құнын анық­тау дегенді түсінбеймін, – деді Е. Гряз­нова. 
2013 жылдың жазынан бастап О.Айменбетов оған «Eco-treatment systems» ЖШС-ы және «ПКБ Кас­кад» ЖШС-ы әзірлеген сметалық құжаттар мен прайс-парақшалар жинақталған тігілген кітапшаларды бірнеше рет тексерткен. Тексеру ба­рысында техникалық түзету, коэф­фициент, бағалауды қолдануға, сондай-ақ технологиялық жабдық­тың жалпы құнына қатысты кем­ші­ліктерді байқайды. Баламалы жаб­дықтардың прайс-парақшалары жинақталған кітапша дұрыс тол­тырылмағанын, негізгі жабдықты таңдауға қатысты хаттаманың жоқ­тығын көреді. Сонымен қатар жаб­дықтардың құны өзгеріп, прайс-парақшалардың шынайылығы көп күдік туғызады. Жобаны жасаған тарап кемшіліктерді қанша рет түзеткенімен, нысанның құнын 2,5 млрд теңге дегенді өзгертусіз қал­дырып отырған. 
Елена Грязнованың айтуынша, оған О.Айменбетов берген смета­лық құжаттардың арасында техно­логиялық жабдықтарға жалғыз ғана «Sapa Project Group» ЖШС-ның 1,6 млрд теңгеге есептелген прайс-парақшасы болған. «Құрылысқа қажетті жобалық құжаттар жасау, келісу, бекіту және оның құрамы­ның тәртібіне» сәйкес, технология­лық жабдықтарға кем дегенде екі жет­кізу­шінің прайс-парақшасы болуы міндетті. Осыған орай, ин­женер-сметашы фирманың бас­шылығын хабардар етіп, қызметтік хат та жазған. 2014 жылдың 6 қаза­нында қылмыстық істі тергеу ба­рысында куәгер Елена Грязнова мынадай түсінік беріпті: «Мәселен, жабдық­тар­дың бағасына қатысты ұсы­ныстар берген фирманы тек­сермек болып, «Акситех-Қазақ­стан» ЖШС-ның прайсында көр­сетілген орындаушы М. Цхайға хабарластым. Бірақ ол стансаны бағдарламалық жағынан қамта­ма­сыз етуге жұмса­лады деп көрсетілген 1999 млн тең­генің прайс-парақ­ша­сын толтыр­мағанын айтты. Сон­дықтан жоба­лық құжаттамадағы жабдық­тардың құнына сметашылар енгіз­ген прайс-парақшалардың қалғаны да күдік туғызады».
Әмина БӘКІР

http://aikyn.kz/

Рубрика: