АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Автобустағы есірткі

1407768350_v-urugvae-legilizovana-marixuanaҚазақстандық шекарашылар автобусқа жасырылған, салмағы 4 килограмм болатын марихуана есірткі затын тапты.

         «Семей» бақылау-өткізубекетінің бақылаушылары қызметтік иттің көмегінің арқасында 4 килограмм есірткі затын жасырып әкетіп бара жатқан 19 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Ұсталған азамат «Семей — Карастели» автобусымен сапар шегіп барады екен. Оның қолжүктерін қарау кезінде жалпы салмағы 4 килограмм болатын марихуана табылды.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі