27 июля, 2015 Comments Off on АСХАТ ТАРҒЫНОВ ЖАҢА БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРДІ

АСХАТ ТАРҒЫНОВ ЖАҢА БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРДІ

скачанные файлы«Мария арманы едің» атты хит әннің орындаушысы Асхат Тарғынов жақында көрермендеріне жаңа бейнебаян тарту етеді.

Әнші араға бір жыл салып, жаңа бейнебаянын түсірді. Бұл туралы әншінің PR-менеджері Ринат Тәттібай  хабарлады. Айтуынша, бұл жолы өнер иесі жаңа қырынан танылады. 

Кезекті туындысы репертуарындағы «Биле жеңге» атты әніне түсірілген. Бейнебаянның түсірілім жұмыстары толықтай  Алматы  облысы Бесмойнақ ауылында өткен. Сюжет бойынша келін түсіру рәсімі мен ауылдың қызықты оқиғалары көрсетіледі. Яғни, қаладан келген жас келіннің ауылдың тірлігіне үйрене алмай, қиналғаны жайлы комедиялық бейнеклип болмақ.

Бейнебаян қыркүйек айында көрермен назарына ұсынылады. Ендеше әншiге сәттiлiк тiлеймiз және жаңа туындысы тыңдармандарының көңiлiнен шығар деген сенiмдемiз!

baistars.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.