24 августа, 2015 Comments Off on Астаналық кәсіпкер ала құланның сүтінен қызғылт түсті қымыз жасап сатпақ

Астаналық кәсіпкер ала құланның сүтінен қызғылт түсті қымыз жасап сатпақ

d0bad18bd0bcd18bd0b7Астаналық кәсіпкер Ержан Тұрсынбек қызғылт түсті қымыз дайындамақ. Бұл ой бизнесменде ала құланның сүтін ішіп көрген соң пайда болған екен, деп жазады «Экспресс-К».Осыған дейін Ержан азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысып көрмеген. Кенияға барғанда ол Найроби ұлттық саябағы маңындағы фермалардың бірінде ала құланның сүтін ішіп көрген.

«Дәмі жылқы сүтіне ұқсайды. Бірақ түсі қызғылт», – дейді кәсіпкер.

Ержан ала құланның сүтінен сусын жасауға бел буып отыр. Оның сөзіне қарағанда бұл әркімнің қалтасы көтере бермейтін элиталық сусын болмақ. Бизнесменнің пікірінше, мұндай «қымыз» ұлттық бренд болуы мүмкін. Қазір ол «Кениядан ала құланның сүтін тасымалдау тиімді ме, әлде бұл жануарларды Қазақстанда асыру ұтымды ма?» деген сауалға жауап іздейді.

«Қарағанды облысында қодастарды өсіреді. Олардың да сүті қызғылт түсті. Алайда, ол қымызға жарамайды, өйткені оның құрамында қант аз. Егер бізде қодастарды өсірсе, онда ала құланды өсіріп көруге де болмай ма?”,- дейді ол.

http://www.nur.kz/

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.