АЛТЫНОРДА
Президент казахстана

Астанаға Путин келеді

06(3)Бұдан бірнеше күн бұрын елімізге Украина президенті Петр Порошенко келіп кеткен еді. Енді 15 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келеді.

         Елбасымыздың көреген саясаты арқасында Қазақстан жауласушы екі елмен де тиімді байланыс ұстап отыр. Бұл жолы мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығын екіжақты деңгейде және Еуразиялық экономикалық одақ аясында талқылайды. Сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылатын болады. Ал 16 қазанда Қазақстанның төрағалық етуімен ТМД Мемлекет басшылары кеңесі өтеді. Кездесуге қатысушылар террорлық қатерге қарсы бірлескен іс-қимылдың, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің, Достастыққа мүше мемлекеттердің күштік органдары ынтымақтастығының негізгі жайттарын қамтитын тақырыптар топтамасын талқылайды деп жоспарланып отыр.

         Қазақстан жұртшылығы да, Ресей халқы да ежелгі көршілер болғандықтан, тату қарым-қатынастың одан әрі жалғаса беруін қалайды. Біздің басты ұстанымымыз бейбітшілік екенін Елбасымыз айтудай-ақ айтып жүр.

Қанат НҰРТАС 

«Шын ақпарат»