АЛТЫНОРДА
Новости

Астанада қосқабатты автобустар пайда болады

Астана. 18 ақпан. BAQ.KZ – Елордаға келген туристер үшін енді қосқабатты автобустар қызмет көрсететін болады. Бұл жайында Tengrinews.kz порталы Қазақстанның ішкі туризмін дамыту Ассоциациясының президенті Гауһар Жеңісбекке сілтеме жасай отырып хабарлады. «Даблдеккер» деп аталып кеткен автобустар тек шетелдіктерге емес, Астанаға келген барлық тұрғындарға қызмет көрсетпек.

 

Г.Жеңісбектің айтуынша, алғашында британдық әйгілі Double decker автобустарын әкелу жоспарланыпты. Алайда, қала халқының саны 3 миллионға жетпесе ағылшындар аталған көлікті сатпайтын көрінеді. Есесіне енді Қазақстанның өзіне тиесілі қосқабатты автобустары пайда болмақ.
«Astana Bus tours автобустары Hop on-Hop off жүйесі бойынша жұмыс істейді. Яғни, жолаушылардың мініп-түсуінде шектеу жоқ. Сатып алған билетімен турист кез-келген аялдамадан түсіп қалуына және автобусқа отыруына мүмкіндік бар. Бүгінде саяхат негізгі көлігінің бағыттары қағаз бетіне түсірілді. Автобустар аудиогидтермен жабдықталады, оның тілін де өзгертуге болады» деді Гауһар Жеңісбек.
Автобустар сағат 10.00 – 22.00 аралығында, ал демалыс күндері түнгі он екіге дейін қатынайды.

 

http://baq.kz/news/23440