01 июля, 2015 Comments Off on Астанада «Kazsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында турнир ұйымдастырылады

Астанада «Kazsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында турнир ұйымдастырылады

IMG_5434Осыдан 2 жыл бұрын, яғни 2013 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының базасында тәулігіне 21 сағат хабар тарату көлемімен бірінші мемлекеттік «Kazsport» спорттық телеарнасы іске қосылды. Мамандырылған арна Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылған болатын. «Kazsport» бұл - «Eurosport», «Спорт 1», «Спорт+» және басқа да еуропалық және әлемдік спорттық телеарналардың деңгейінде хабар тарататын Орталық Азия аумағындағы жалғыз спорттық телеарна.Арнайы осы датаға арнап 12 шілде күні сағат 11.00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «Kazsport» телеарнасының 2 жылдығына орай БАҚ қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша турнир өткізіледі. Топтық және жеке есептегі турнир жеңімпаздары грамоталармен, Кубоктармен және статуэткалармен марапатталады.Естеріңізге сала кетейік, екі жылдың ішінде «Kazsport» телекөрермендері 3000 мыңнан астам әр түрлі спорт түрлері бойынша трансляциялардың куәсі болды. 30-дан астам спорт түрлері, атап айтқанда, Ұлттық спорт түрлері бойынша чемпионаттар мен Қазақстан Республикасының Кубоктары қамтылды. Телеарнаның түсірілім тобы көбіне трансляциялар жүргізілген шетелдік жарыстарда жұмыс істеді.«Kazsport» арнасы Қазақстан спортының бұрынғы және қазіргі кездегі танымал батырлары туралы, сондай-ақ спорт түрлері бойынша құрамалар туралы 55 деректі фильм түсірді. «Сіз қайда жүрсіз?/Где вы, чемпионы?» бағдарламалар топтамасының аясында эфирге 90 бағдарлама шықты. «Арнайы репортаж» сияқты арнайы жанрда 200-ден астам жұмыс жасалды. Сондай-ақ, күнделікті жаңалықтар кідірместен эфирден берілуде.«Kazsport» телеарнасының комментаторлары қазақстандық телевизия саласында алғаш рет оқиға орнынан – Бразилияда өткен футбол бойынша әлем чемпионаттарының стадионынан және Италияда өткен волейбол бойынша Әлем чемпионаттарының аренасынан трансляция жүргізді. Аталған тәжірибе алдағыи уақытта да өз жалғасын табатын болады.Телеарна спорттың әр түрлері бойынша 50-ден астам Әлем чемпионаттарын және Азия чемпионаттарының (атап айтқанда, Қазақстан аумағынан 2013 жылы бокс бойынша және 2014 жылы ауыр атлетика бойынша Әлем чемпионаттары трансляциясының сигналдарын бүкіл әлемге өздігінен таратты), Сочидағы Олимпиада ойындарының, футбол бойынша ағылшындық Премьер-лиганың, жазғы және қысқы Азияда ойындарының, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының, «Astana Pro Team» велоқұрамасының қатысуымен барлық «Гранд-тур» веложарыстарының, волейбол, дзюдо, таэквондо бойынша Әлемдік лига және Әлемдік «Гран-при» кезеңдерінің, қысқы және жазғы Универсиадалардың, «Барыс» ХК қатысуымен КХЛ матчтарының, Д.Теннің қатысуымен турнирлердің, «Қайрат» футзал клубы қатысқан турнирлердің, «Astana Motorsports» командасы қатысқан «Дакар» ралли-рейдерлердің, Г.Головкиннің қатысуымен жекпе-жектердің, «Астана» БК қатысуымен ВТБ лигасының матчтарының, «Қазақстан барысы» турнирлерінің және тағы басқа трансляцияларды өткізді.Қазақстандық телевизия тарихында алғаш рет Азияда ойындарынан қазақстандық спортшылардың ойыны толық көлемде көрсетілді. «Kazsport» Қысқы және Жазғы Универсиадалардың алғашқы көрсетушісі және ең көп трансляцияларының иесі болды. Алдағы уақытта Алматы қаласында Универсиада өтетініне байланысты, бұл стратегиялық маңызды болып табылады. Халықаралық студенттердің спорт одағы (FISU) және Халықаралық спорт баспасөзі ассоциациясы (AIPS) мойындағанындай, «Kazsport» арнасы соңғы Универсиадаларды толық көрсеткен әлемдегі үш телеарнаның бірі болып танылды.Өзінің туған күніне орай «Kazsport» телеарнасы өз көрермендеріне бірнеше сыйлық әзірледі, соның ішінде: еліміздің «жұлдызды» спорттық велосипед трендінің мерейтойына орай - «Astana Pro Team: 10 жыл», бокс бойынша танымал қазақстандық Олимпиада чемпионының өмірі туралы трилогияның соңғы сериясы - «Василий Жиров. Махаббат» және қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов туралы түсірілген - «Сейдахмет Бердіқұлов. Қазақ спорт журналистикасының атасы» атты 3 деректі фильмді ерекше атап өтуге болады.Бүгінгі күні «Kazsport» телеарнасының басты міндеті - матчтарды көрсетіп қана қоймай, олардың көрсетілімін нақты әлемдік стандарттар деңгейінде көрсету.«Біз, футбол бойынша Қазақстан чемпионатының трансляциясын жаңа деңгейге көтергенімізді мақтанышпен айта аламыз, осы матчтарда динамикалық графика, статистика қолданыла бастады. Бұл тәжірибені волейбол және хоккей көрсетілімдеріне де енгізуді жоспарлап отырмыз», -деп, өз ойымен бөліседі «Kazsport» телеарнасының бас продюсері және директордың м.а. Павел Цыбулин.Әлем бойынша тек қана біздің мемлекетте комментаторлар бір уақытта екі тілде жұмыс істейді. Канада, Бельгия, Өзбекстан сияқты екі тілді мемлекеттерді комментаторлар тек қана бір тілде қызмет атқарады. Көптеген шетелдік әріптестеріммен осы жайында ой бөліскен едім, олардың барлығының ойы бір жерден шықты: екі тілде комментарий жүргізу бірегей тәжірибе болып саналады. Қазақстанда бұл дәстүр болып қалыптасты.Біз қуатты контентке қол жеткіздік. Жақында біз, 24-30 тамыз аралығында өтетін дзюдо бойынша Әлем чемпионатының Қазақстандағы жалғыз көрсетушісі боламыз. Бұдан басқа, «Kazsport» арнасы бұл біріншілікті толықтай көрсететін әлемдегі жалғыз арна болмақшы (!). Чемпионат Астанада өтетіндіктен, басқа елдер жарыстың тек кешке өтетін соңғы бөлігінен ғана сигнал алуға мүмкіндіктері болады, ал біз турнирдің таңертеңгілік бөлігін де көрсетеміз. Бұның барлығы тікелей эфирде өтеді. Біз үшін, ең бастысы, қазақстандық дзюдошылардың барлық күрестерін көрсету болып табылады. Бұл турнир Олипиадаға жолдамаларды ойнату барысында шешуші болып табылады.Геннадий Головкиннің барлық күрестерін, «Барыс» хоккей клубының жарыстарын, күрес бойынша жарыстарды, «Тур де Франс», Ұлттық құрамалардың қатысуымен әлем чемпионаттарын және т.б. көрсетуді жоспарлап отырмыз.«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «
Загрузка...

Комментирование закрыто.